Биология · ҰБТ сұрағы №11837

Қышқыл химус он екі елі ішекке түскенде ішек шырышты қабығының S-жасушалары ұйқы безінен бикарбонатқа бай сөл бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. Бұл гормон қайсы?

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: Секретин

Секретин қышқылды химусты бейтараптау үшін ұйқы безінің бикарбонатты секрециясын күшейтеді. Холецистокинин ферменттердің бөлінуін және өт қабының жиырылуын ынталандырады.

«Қоректену» тақырыбынан тағы