Дүниежүзі тарихы · ҰБТ сұрағы №13647

Екінші дүниежүзілік соғыс операцияларын олардың мазмұнымен сәйкестендіріңіз.

  1. «Барбаросса»
  2. «Оверлорд»
  3. «Торч»
  4. «Тайфун»
  • A) Сицилияға қону операциясы
  • B) КСРО-ға шабуылдың жоспары
  • C) Нормандияға қону операциясы
  • D) Мәскеуге шабуыл операциясы
  • E) Одақтастардың Солтүстік-Батыс Африкаға қонуы
  • F) Арденндегі неміс қарсы шабуылы
Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: «Барбаросса» — КСРО-ға шабуылдың жоспары; «Оверлорд» — Нормандияға қону операциясы; «Торч» — Одақтастардың Солтүстік-Батыс Африкаға қонуы; «Тайфун» — Мәскеуге шабуыл операциясы

«Барбаросса» – 1941 ж. маусым, «Оверлорд» – 1944 ж. маусым, «Торч» – 1942 ж. қараша, «Тайфун» – 1941 ж. қыркүйектің соңы; «Хаски» – Сицилия.

«XX ғасырдың бірінші жартысы» тақырыбынан тағы