География · ҰБТ сұрағы №12350

Жергілікті желдерді олардың таралу аймағымен сәйкестендіріңіз.

  1. Фен
  2. Бора
  3. Сирокко
  4. Харматтан
  • A) Сахарадан Оңтүстік Еуропаға соғатын ыстық жел
  • B) Альпі тауының беткейлері
  • C) Адриатика теңізінің солтүстік жағалауы
  • D) Сахарадан Гвинея шығанағы жағалауына соғатын құрғақ жел
  • E) Жазда Үнді мұхитынан Оңтүстік Азияға соғатын ылғалды жел
Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: Фен — Альпі тауының беткейлері; Бора — Адриатика теңізінің солтүстік жағалауы; Сирокко — Сахарадан Оңтүстік Еуропаға соғатын ыстық жел; Харматтан — Сахарадан Гвинея шығанағы жағалауына соғатын құрғақ жел

Фен — Альпі беткейлерінің жылы құрғақ желі, бора — Адриатика жағалауының суық күшті желі, сирокко — Сахарадан Еуропаға, харматтан — Батыс Африкаға соғады. Е — муссон.

«Атмосфера» тақырыбынан тағы