Химия · ҰБТ сұрағы №11924

Бутадиен-1,3 пен стиролдан мольдік қатынасы 2 : 1 болатын сополимер алынды. Осы сополимердің 21,2 г мөлшері бромды сумен толық әрекеттескенде қосып алатын броммен массасы (г):

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: 32

Сополимердің бір топтамасы (2 бутадиен + 1 стирол буыны) M = 2·54 + 104 = 212 г/моль; 21,2 г = 0,1 моль топтама, онда 2 қос байланыс бар (бензол сақинасы бромды сумен әрекеттеспейді). n(Br2) = 0,2 моль, m = 32 г.

«Синтетикалық полимерлер» тақырыбынан тағы