Химия · ҰБТ сұрағы №11961

Алюминий мен темір қоспасының 11 г мөлшері артық тұз қышқылымен әрекеттескенде 8,96 л (қ.ж.) газ бөлінді. Осындай қоспа артық \ce{NaOH} ерітіндісімен әрекеттескенде 6,72 л газ бөлінді. Қоспадағы темірдің массалық үлесі (%):

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: 50,9

NaOH-пен тек Al әрекеттеседі: n(H₂) = 0,3 моль, n(Al) = 0,2 моль (5,4 г). HCl-мен 0,4 моль H₂: 0,3 Al-ден, 0,1 Fe-ден; m(Fe) = 5,6 г, w = 5,6 : 11 = 50,9%.

«Химиялық есептеулер» тақырыбынан тағы