Қазақстан тарихы · ҰБТ сұрағы №13873
1991 жылы 8 желтоқсанда Беловеж орманында Ресей, Украина және Беларусь басшылары КСРО-ның өмір сүруін тоқтатқанын жариялап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойды. Орталық Азия республикалары, соның ішінде Қазақстан, осы келісімге қосылуға дайын екенін білдірді. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы одақтас республикалардың басшылары кездесіп, жаңа Достастықтың тең құқылы құрылтайшылары болатынын растады.

Мәтіндегі Достастықтың үйлестіруші органдары қай қалада орналасты?

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: Минск

ТМД-ның үйлестіруші органдарының орталығы Минск қаласы болып белгіленді.

«Құжаттағы тарих» тақырыбынан тағы