Механикалық тербелістер — ҰБТ пробный тест 2026: сұрақтар мен жауаптар

Физика пәнінің «Механикалық тербелістер» тақырыбы бойынша ҰБТ тест сұрақтары. Әр сұрақтың дұрыс жауабы мен түсіндірмесі бар. ҰБТ тест тегін әрі тіркелусіз: тренажерде жауабыңызды бірден тексеріп, нұсқалап жаттығыңыз.

Осы тақырып бойынша жаттығуды бастау

Физика: тақырыптар

Сұрақтар

  1. Қатаңдығы 200 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,5 кг жүк амплитудасы 10 см гармоникалық тербеліс жасайды. Жүктің тепе-теңдік қалпынан 6 см қашықтықтағы жылдамдығы:Бір жауапты · жауабы мен түсіндірмесі
  2. Бірдей екі серіппені массасы бірдей жүкке алдымен тізбектей, содан кейін параллель жалғады. Тербеліс периодтарының қатынасы T_тізбектей/T_параллель:Бір жауапты · жауабы мен түсіндірмесі
  3. Материалдық нүктенің тербеліс заңы x = 0,05·cos(20t + π/4) (барлық шама SI жүйесінде). Нүкте жылдамдығының және үдеуінің амплитудалық мәндері сәйкесінше:Бір жауапты · жауабы мен түсіндірмесі
  4. Жерде периоды 2 с математикалық маятник төмен қарай 7,5 м/с² үдеумен қозғалатын лифтте тұр. Лифтегі маятниктің тербеліс периоды:Бір жауапты · жауабы мен түсіндірмесі
  5. Тербелмелі жүйені оның периодының өрнегіне сәйкестендіріңіз.Сәйкестендіру · жауабы мен түсіндірмесі
  6. Гармоникалық тербеліс жасайтын жүйенің ығысуы амплитуданың жартысына тең болған сәттегі кинетикалық энергиясының потенциалдық энергиясына қатынасы:Бір жауапты · жауабы мен түсіндірмесі
  7. Механикалық тербелістер туралы дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз (үйкеліс ескерілмейді, серіппе идеал).Бірнеше жауапты · жауабы мен түсіндірмесі