Химия · ҰБТ сұрағы №11953

NaCl мен NaBr қоспасының 20 г мөлшері арқылы хлор артық өткізілді. Қоспаны құрғатқан соң қатты қалдықтың массасы 15,55 г болды. Бастапқы қоспадағы NaBr-дың массалық үлесі (%):

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: 51,5

2NaBr + Cl2 → 2NaCl + Br2: 1 моль NaBr NaCl-ға айналғанда масса 103 − 58,5 = 44,5 г кемиді. Δm = 4,45 г → 0,1 моль NaBr = 10,3 г, ω = 10,3/20 = 51,5%.

«17 (VII) топ элементтері және оның қосылыстары» тақырыбынан тағы