Химия · ҰБТ сұрағы №11988

NaCl мен NaI қоспасының 20 г мөлшерінің ерітіндісіне \ce{AgNO3} артығы қосылды. Түскен тұнба концентрлі аммиак ерітіндісімен өңделгенде ерімей қалған тұнбаның массасы 11,75 г болды. Қоспадағы NaCl-дың массалық үлесі (%):

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: 62,5

Концентрлі NH3-та AgCl ериді, AgI ерімейді. n(AgI) = 11,75/235 = 0,05 моль = n(NaI), m(NaI) = 7,5 г; m(NaCl) = 12,5 г, ω = 62,5%.

«17 (VII) топ элементтері және оның қосылыстары» тақырыбынан тағы