Химия · ҰБТ сұрағы №11921

Құрамы \ce{C4H8O2} болатын және қыздырғанда сілтінің сулы ерітіндісімен әрекеттесетін ашық тізбекті қосылыстардың құрылымдық изомерлерінің саны:

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: 6

Қышқылдар: бутан және 2-метилпропан қышқылдары (2); күрделі эфирлер: пропилформиат, изопропилформиат, этилацетат, метилпропионат (4). Барлығы 6.

«Оттекті органикалық қосылыстар» тақырыбынан тағы