Құқық негіздері · ҰБТ сұрағы №13015

Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясын оның қабылданған жылымен сәйкестендіріңіз.

  1. Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы №29 конвенция
  2. Бірлестіктер бостандығы және ұйымдасу құқығын қорғау туралы №87 конвенция
  3. Тең құнды еңбек үшін ерлер мен әйелдерге тең сыйақы туралы №100 конвенция
  4. Еңбек және кәсіп саласындағы кемсітушілік туралы №111 конвенция
  • A) 1951 жыл
  • B) 1949 жыл
  • C) 1930 жыл
  • D) 1958 жыл
  • E) 1948 жыл
  • F) 1957 жыл
Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы №29 конвенция — 1930 жыл; Бірлестіктер бостандығы және ұйымдасу құқығын қорғау туралы №87 конвенция — 1948 жыл; Тең құнды еңбек үшін ерлер мен әйелдерге тең сыйақы туралы №100 конвенция — 1951 жыл; Еңбек және кәсіп саласындағы кемсітушілік туралы №111 конвенция — 1958 жыл

№29 — 1930, №87 — 1948, №100 — 1951, №111 — 1958 жылы қабылданған. 1949 жыл — №98, 1957 жыл — №105 конвенциялары.

«Еңбек құқығы жүйесі» тақырыбынан тағы